Атырау мұнай құбыры басқармасына қарасты Т. Қасымов атындағы мұнай айдау станциясында өнімділігі 1250 м3/с-ті құрайтын магистральдық сорғы агрегатын сынамалы іске қосу сәтті жүргізілді. Ол өнімділігі 2500 м3/с құрайтын сорғы агрегатын ауыстырды. Құрал-жабдықты ауыстыру меншікті ресурстағы сорғы агрегатын қолданумен жүзеге асырылды.
Аталмыш жоба «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобы арасында жарияланған операциялық тиімділікті арттыру жылы аясында жүзеге асырылды. Жүргізілген жаңарту «Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырының «Атырау-Үлкен Шаған» учаскесі бойынша мұнай тасымалдауға жұмсалатын энергия шығынын 7 %-ға төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл сорғы агрегатын ауыстыру нәтижесінде электр энергиясының жылдық үнемі 1,5 млн кВт*с-қа дейін болады деп күтілуде.
Сонымен қатар 2025 жылдың басында «Қаламқас» бас мұнай айдау станциясында магистральдық сорғы агрегатын ауыстыру нәтижесінде «Қаламқас-Қаражанбас-Ақтау» магистральдық мұнай құбырының «Қаламқас-Қаражанбас» учаскесі бойынша мұнай тасымалдауға жұмсалатын электр энергиясының меншікті шығыны 1,134 – тен 0,89 кВт*с/мың. тонн*км-ге дейін төмендетілген, ол жылдық есеппен 880 мың. кВт*с-тан астам.
2024 жылдың жалпы қорытындысы бойынша мұнай жүк айналымына жұмсалатын энергияның барлық түрінің меншікті шығыны өткен жылдың көрсеткіштеріне қарағанда баламалы шартты отынның 3,7 тоннасына(ш.о.т.)/млн.тонн*км шаққанда 6,6-ға азайған. Мұндай нәтижелерге мұнай құбырлары жұмысына оңтайлы технологиялық режимдерді қолдану және энергия тиімділікті арттыру және энергия жинақтау бойынша шаралар жоспарын орындау арқасында қол жеткізу мүмкін болды, ол мұнай тасымалына жұмсалатын энергия мөлшерін азайтуға мүмкіндік берді.
Энергия тиімділікті және энергия жинақтау ұстанымдары «ҚазТрансОйл» АҚ қызметінің барлық аспектілерінде біріктірілген және алдағы күндері бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады. Себебі компанияның тұрақты даму саласындағы басты басымдықтарының бірі – өндірістік процестердің энергия тиімділігін арттыру.
_____________________________________________________________________________
ҚазТрансОйл» АҚ – магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына енеді. Ұзындығы 5,2 мың км әртараптандырылған магистральдық мұнай құбырлары желісіне ие, ұзындығы 5 мың км-ден астам басқа ұйымдардың құбырларына қызмет көрсету бойынша операторлық қызметтер көрсетеді.
«ҚазТрансОйл» АҚ 2015 жылдан бастап ISO 50001 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес келетін энергетикалық менеджмент жүйесі аясында өндірістік процестердің энергия тиімділігін арттыруда.