KZTO 808,99 (+0,60)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 808,99 (+0,60)

«ҚазТрансОйл» АҚ-та еңбек қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша кеңес өтті

 02.05.2025    38

2025 жылғы 30 сәуірде «ҚазТрансОйл» АҚ орталық кеңсесінде өндірістік қауіпсіздік, еңбек қорғау және экология мәселелері бойынша кеңес өтті.

Кеңесті компанияның бас директоры Арман Касенов ашты. Ол қауіпсіздік пен экологиялық тұрақтылық – компания қызметінің басты басымдықтары екенін атап өтіп, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өндірістік тәуекелдердің алдын алу және экологиялық менеджмент жүйесін жетілдіру үшін жүйелі жұмыс жүргізудің маңыздылығын атап айтты.

Кеңес барысында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ тобы бойынша 2025 жылдың алғашқы төрт айында тіркелген оқыс оқиғаларға талдау жасалды. Өрт қаупі жоғары кезеңнің басталуына байланысты өндірістік нысандардағы өрт қауіпсіздігін күшейту қажеттілігі де айтылды.

Сонымен қатар, экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған республикалық «Таза Қазақстан» акциясы таныстырылып, компанияның осы бастамаға қатысу жоспары талқыланды.

2025 жылы «Таза Қазақстан» акциясы аясында «ҚазТрансОйл» АҚ бірқатар ауқымды іс-шараларды жүзеге асырды. Астана қаласында және барлық өңірлерде сенбіліктер ұйымдастырылып, нәтижесінде 24 тоннаға жуық қоқыс жиналды.

Бұдан бөлек, еліміздің түрлі өңірлерінде 300-ден астам көшет отырғызылып, экологиялық жағдайды жақсартуға елеулі үлес қосылды.

«ҚазТрансОйл» АҚ экологияны қорғау мен қауіпсіздік мәдениетін арттыру жұмыстарын жалғастырып, саланың және еліміздің орнықты дамуына өз үлесін қоса бермек.

Реакция:
Серiктестер