KZTO 808,99 (+0,60)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 808,99 (+0,60)

«ҚазТрансОйл» АҚ кадрлық тағайындаулар туралы хабарлайды

 22.04.2025    123

«ҚазТрансОйл» АҚ компанияның өндірістік бөлімшелері мен орталық аппаратында жаңа кадрлық тағайындаулар туралы хабарлайды. Тағайындалған басшылар өндірістік сатылардың барлық кезеңдерінен өтіп, көп жылдар бойы жоғары кәсібилік пен өз істеріне адалдықтарын көрсетіп келеді. Олардың тәжірибесі мен өндірістік үдерістерді терең түсінуі компанияның әрі қарай дамуына өз үлесін қосады.

Темірхан Әбдіров – «ҚазТрансОйл» АҚ Павлодар мұнай құбыры басқармасының бастығы болып тағайындалды.

Мұнай құбыры саласындағы жалпы еңбек өтілі – 29 жыл. Тағайындалғанға дейін өндіріс жөніндегі бас директордың орынбасары қызметін атқарып, «ҚазТрансОйл» АҚ Басқарма құрамында болды.

Бұған дейін, 2022–2023 жылдары, «ҚазТрансОйл» АҚ Павлодар мұнай құбыры басқармасын басқарған. Әр жылдары «ҚазТрансОйл» АҚ операторлық қызметтер департаментінің директоры, «Батуми теңіз порты» ЖШҚ-нің бас директоры, Қарағанды және Жезқазған мұнай құбыры басқармаларының бастығы, Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының бас инженері, «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалы директорының бірінші орынбасары – бас инженері қызметтерін атқарған.

Білімі: Жоғары. К.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Газ және мұнай құбырларын, газ және мұнай қоймаларын жобалау, салу және пайдалану» мамандығы бойынша, сондай-ақ О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін «Пайдалы қазбалар кен орындарын жер астымен өңдеу» мамандығы бойынша бітірген.

Мереке Игалиев – «ҚазТрансОйл» АҚ Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының бастығы болып тағайындалды.

Мұнай құбыры саласындағы жалпы еңбек өтілі – 29 жыл. Тағайындалғанға дейін «ҚазТрансОйл» АҚ Атырау мұнай құбыры басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарған.

2022–2024 жылдары «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС-нің өндіріс жөніндегі бас директорының орынбасары болып жұмыс істеген. «ҚазТрансОйл» АҚ құрылымында Батыс операторлық қызметтер басқармасының бастығы, Шымкент және Атырау мұнай құбыры басқармаларының бас инженері, Орал мұнай құбыры басқармасының бастығы қызметтерін атқарған. Саладағы еңбек жолын 1996 жылы «Оңтүстікмұнайқұбыры» ӨБ-де технологиялық жабдықтарды жөндеу слесары ретінде бастаған.

Білімі: Жоғары. Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін «Газ және мұнай құбырларын, газ және мұнай қоймаларын жобалау, салу және пайдалану» мамандығы бойынша, сондай-ақ Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.

Еркен Сүйіндіков – «ҚазТрансОйл» АҚ Атырау мұнай құбыры басқармасының бастығы болып тағайындалды.

Мұнай құбыры саласындағы жалпы еңбек өтілі – 27 жыл. Тағайындалғанға дейін Павлодар мұнай құбыры басқармасының бастығы қызметін атқарған.

Бұған дейін Шымкент мұнай құбыры басқармасының бас инженері, Павлодар мұнай құбыры басқармасының өндіріс жөніндегі басқарма бастығының орынбасары (2018–2023 жж.), «Ақтау» БМАС бастығы, Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының бастығы, пайдалану бөлімі бастығы, Шығыс филиалының бас механигінің орынбасары, Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі бойынша бас техникалық жетекшісі қызметтерін атқарған.

Еңбек жолын 1998 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалында 4-разрядты металлизатор ретінде бастаған.

Білімі: Жоғары. Түрікмен политехникалық институтын «Химиялық өндірістер мен құрылыс материалдары кәсіпорындарының машиналары мен аппараттары» мамандығы бойынша тәмамдап, инженер-механик біліктілігін алған. Сонымен қатар, Инновациялық Еуразия университетінде «Іскерлік әкімшілік басқару» мамандығы бойынша магистр дәрежесін иеленген.

Айта кету керек, Еркін Сүйіндіковтың ротациясы – компанияда тиімді шешімдерді енгізуге және жұмыс өнімділігін арттыруға ықпал ететін корпоративтік тәжірибенің маңызды бөлігі. Оның көпжылдық әрі жан-жақты тәжірибесі компанияның негізгі бөлімшелерінің бірінің орнықты дамуын қамтамасыз етеді.

Марлен Төлегенов – «ҚазТрансОйл» АҚ пайдалану департаментінің директоры болып тағайындалды.

Мұнай тасымалдау саласындағы жалпы еңбек өтілі – 25 жыл. Бұл тағайындауға дейін Атырау мұнай құбыры басқармасының бастығы қызметін атқарған.

2018–2024 жылдары Атырау және Маңғыстау мұнай құбыры басқармаларының бас инженері, 2016–2018 жылдары Атырау мұнай құбыры басқармасының өндіріс жөніндегі бастығының орынбасары болып жұмыс істеген. 2010–2016 жылдары «ҚазТрансОйл» АҚ тасымалдау департаментінің бас менеджері қызметін атқарған. Сондай-ақ әр жылдары Батыс филиалының су есепке алу және жеткізу бөлімінің бастығы, «Атырау» МАС ҚТП бастығы, Атырау мұнай құбыры басқармасының «Атырау» МАС ҚТП инженері қызметтерін атқарған.

Еңбек жолын 2000 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ-да Атырау мұнай құбыры басқармасына қарасты «Атырау» МАС-те мұнай қоймаларын қараушы ретінде бастаған.

Білімі: Жоғары. Атырау мұнай және газ институтын «Газ және мұнай құбырларын, газ және мұнай қоймаларын жобалау, салу және пайдалану» мамандығы бойынша бітіріп, инженер-механик біліктілігін алған.

Серiктестер