2025 жылғы 20 маусымда «ҚазТрансОйл» АҚ диалог алаңында Қазақстан Республикасының Энергетика Вице-министрі Әлібек Жамауовтың қатысуымен мұнай-газ саласындағы еңбек жөніндегі үлгілік нормалар мен нормативтерді әзірлеу және қайта қарау мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті.
Іс-шараға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, ҚР ЕХӘҚМ «Республикалық еңбекті қорғау ғылыми-зерттеу институтының», сондай-ақ еліміздің жетекші мұнай-газ компанияларының өкілдері қатысты. Кездесудің мақсаты – нормативтік құжаттарды қалыптастыру алгоритмімен танысу, саланың алдыңғы қатарлы ұйымдарымен тәжірибе алмасу, сондай-ақ еңбек саласындағы нормативтік реттеу мәселелері бойынша жұмыс тобын құру болды.
Отырыс барысында қатысушылар үлгілік нормаларды әзірлеу және келісу тәртібін, сондай-ақ оларды мемлекеттік органдардың белгіленген заңнамаға сәйкес қайта қарау рәсімдерін талқылады. «ҚазТрансОйл» АҚ, «ИнтерГаз Орталық Азия» АҚ және «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС филиалының Ұйымдастыруды дамыту және нормалау орталығының тәжірибесіне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар қатысушылар 2025 жылға арналған қызмет жоспары жобасы бойынша бірлескен жұмыс жүргізу үшін жұмыс тобын құруға келісті және мұнай-газ саласында еңбекті нормативтік реттеудің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.
«Бұл жұмыс ел үшін стратегиялық маңызды салада еңбекті нормативтік қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру жолындағы маңызды қадам болып табылады, ол мұнай-газ секторындағы ұйымдардағы өндірістік процестердің тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға ықпал етеді», — деп атап өтті Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов.