KZTO 814,00 (+0,68)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 814,00 (+0,68)

«ҚазТрансОйл» АҚ мен «Теңізшевройл» ЖШС ынтымақтастық перспективаларын талқылады

 25.06.2025    56

Астанада «ҚазТрансОйл» АҚ мен «Теңізшевройл» ЖШС өкілдері қатысқан жұмыс кездесуі өтті. Жиында ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Тараптар «Теңіз» мұнай айдау станциясынан «Прорва–Құлсары» магистральдық құбырына қосқыш құбыр салу жобасына ерекше назар аударды.

Сондай -ақ жеке мәселе ретінде «ҚазТрансОйл» АҚ инфрақұрылымын пайдалану әлеуеті қаралды.

Кездесу соңында компаниялар ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестікті тереңдетуге өзара ниетті екендерін растады.
 

«ҚазТрансОйл» АҚ - магистральдық мұнай құбырлары бойынша ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес ұйымы болып табылады. Ұзындығы 5,2 мың шақырым магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісін иеленеді және ұзындығы 5 мың шақырымнан астам басқа ұйымдардың құбырларына операторлық қызметтер көрсетеді.

«Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) – шикі мұнайды, сұйытылған және құрғақ газды, сондай-ақ күкіртті өндірумен, өңдеумен және өткізумен айналысатын қазақстандық серіктестік. ТШО заманауи технологияларды қолдана отырып, өз қызметін қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық стандарттарға сай жүзеге асырады. ТШО 1993 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» корпорациясы арасында құрылған. Компанияның серіктестері: «Шеврон» – 50%, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – 20%, ExxonMobil Kazakhstan Ventures Inc. – 25% және «Лукойл» – 5%.

Серiктестер