KZTO 817,00 (+0,25)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,00 (+0,25)

«Әлібекмола» станциясында жаңа спорт алаңы ашылды

 04.09.2025    45

Ақтөбе мұнай құбыры басқармасына қарасты «Әлібекмола» бас мұнай айдау станциясында вахталық әдіспен жұмыс істейтін мамандарға арналған заманауи спорт алаңы ашылды.

Жалпы аумағы 648 м² болатын көпфункционалды алаңда футбол, волейбол, баскетбол ойнауға және жүгіруге жағдай жасалған.

Қазіргі уақытта «Әлібекмола» БМАС-та 102 адам еңбек етеді. Жаңа спорт алаңы вахташыларға бос уақытында таза ауада дене шынықтырумен айналысуға, салауатты өмір салтын ұстануға және ұжымдық бірлікті арттыруға мүмкіндік береді.



Реакция:
Серiктестер