KZTO 827,00 (+0,98%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 827,00 (+0,98%)

Астанада «ҚазТрансОйл» АҚ ұжымы тағы да «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты

 24.08.2024    694

Өздеріңіз білетіндей, «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен басталды және оның міндеті көшелер мен аулалардың тазалығы мен абаттандырылуына ықпал ету ғана емес, сонымен қатар қоғамды біріктіру, ондағы ынтымақтастық рухын ояту болып табылады.

«ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлері қоршаған орта мен табиғи ресурстарды сақтауға деген ұмтылыстарын тағы бір мәрте көрсетті. Ағымдағы жылдың 24 тамызында өткен акцияға мұнай құбыры кәсіпорнының 200-ден астам қызметкері қатысты. Кейбір қызметкерлер балаларын өздерімен бірге алып келіп, осылайша оларға кішкентай кезінен бастап экологиялық сананы және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды үйретті.

Ұжымға «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Арман Қасенов қосылып, сенбілікке белсене қатысты.

- Бүгін бүкіл ұжым болып сенбілікке шықтық. Бұл – экологиялық таза орта құруға, қала тазалығы мен тәртібіне қосқан ортақ үлесіміз. Мұндай іс-шараларды өткізу өте маңызды, олар корпоративтік рухты нығайтуға және қызметкерлердің ынтасын арттыруға көмектеседі; – деп атап өтті Арман Ғинаятұлы.

Сенбілік басталғаннан бірнеше сағат өткен соң, аумақ айтарлықтай өзгерді. Есіл өзенінің жағалауы тазартылып, іргелес аумақ абаттандырылды.

Сенбілік қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ ұжымы 103 қап қоқыс жинады.

«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырының ұлттық операторы болып табылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие..
 




 


 

Серiктестер