KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ Басқарма құрамы өзгертілді

 20.11.2024    171
«ҚазТрансОйл» АҚ директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес 2024 жылғы 19 қарашада Басқарма мүшесі, «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының тасымалдау жөніндегі орынбасары Эрик Сағиевтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Қазіргі уақытта «ҚазТрансОйл» АҚ Басқармасының құрамына: «ҚазТрансОйл» АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы) Арман Қасенов, Басқарма мүшелері – «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Темірхан Әбдіров, «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Әміржан Оспанов, «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының корпоративтік басқару жөніндегі орынбасары Алмас Оңғарсынов, «ҚазТрансОйл» АҚ әлеуметтік-еңбек қатынастары және жалпы мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Ғазиз Қошанов, «ҚазТрансОйл» АҚ  заң мәселелері жөніндегі басқарушы директоры Жайдарман Исақов кіреді.
 
 
Реакция:
Серiктестер