KZTO 863,86 (-0,34)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 863,86 (-0,34)

«ҚазТрансОйл» АҚ «Қаражанбас» мұнай айдау станциясында ауданы 1400 шаршы метрден асатын жаңа әкімшілік-тұрмыстық ғимарат пайдалануға берілді

 08.10.2025    23

Вахталық персоналдың еңбек және тұрмыс жағдайларын жақсарту мақсатында «ҚазТрансОйл» АҚ Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының

«Қаражанбас» мұнай айдау станциясында заманауи екі қабатты әкімшілік-тұрмыстық ғимарат пайдалануға берілді. 152 қызметкерге арналған ғимараттың жалпы ауданы — 1406 шаршы метр.

Жобалау және құрылыс жұмыстары барысында ыңғайлы, қауіпсіз және функционалды жұмыс ортасын қалыптастыруға ерекше мән берілді. Ғимаратта персоналдың күнделікті қызметін қамтамасыз ететін шамамен 50 бөлме бар.

Нысан заманауи жиһазбен, 32 дана кеңсе техникасымен, серверлік және байланыс жабдықтарымен, сондай-ақ вентиляциялық және жылыту жүйелерімен толық жабдықталған.

Бірінші қабатта қызметкерлерге арналған жылы еденді киім шешетін бөлмелер, душ бөлмелері, арнайы киімді жуу, кептіру, қабылдау және тарату пункттері, сондай-ақ қосалқы бөлмелер мен архив орналасқан.

Екінші қабатта инженерлік-техникалық персоналдың кабинеттері мен

еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі бойынша нұсқамалар өткізуге арналған оқу сыныбы бар.

Заманауи техникалық шешімдер қолданылып, жетілдірілген жоспарлау арқылы салынған жаңа ғимаратты пайдалануға беру «Қаражанбас» мұнай айдау станциясы қызметкерлерінің еңбек жағдайы мен тұрмыс жайлылығын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік берді.








Серiктестер