KZTO 819,90 (+0,35)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 819,90 (+0,35)

«Атасу» БМАС-та үшінші деңгейлі медициналық оқу-жаттығу дабылы өтті

 08.09.2025    32

Қарағанды мұнай құбыры басқармасының «Атасу» бас мұнай айдау станциясында үшінші деңгейлі медициналық оқу-жаттығу дабылы сәтті өткізілді.
Іс-шараның мақсаты –өндірістік жарақат алу жағдайында шұғыл әрекет ету алгоритмін пысықтауға және өзара іс-қимыл деңгейін бағалауға бағытталған.

Оқу-жаттығуға «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ Еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау департаментінің өндірістік санитария жөніндегі жетекші маманы Майгүл Қажыбекова, сондай-ақ «ҚазТрансОйл» АҚ Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы  Гүлнара Жарылғасынова қатысты.

Іс-шараға «Атасу» БМАС жұмыскерлері, «Медикер – Өндірістік медицина» ЖШС медициналық жұмыскерлері, «Зевс-Энерго» ЖШС авариялық-құтқару қызметі мен өрт сөндіру бөлімі, сондай-ақ «KMG Security» ЖШС күзет бекеті өкілдері қатысты.

Сценарий бойынша өндірістік алаңда шартты түрде бір жұмыскер зардап шекті. Дабыл белгісі берілгеннен кейін барлық тиісті қызметтер дереу жұмылдырылды. Медициналық топ зардап шеккенді алғашқы тексеруден өткізіп, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оның әрі қарай эвакуациясын ұйымдастырды. Құтқару қызметі оқиға орнына қауіпсіз қол жеткізуді қамтамасыз етіп, басқа бөлімшелермен өзара іс-қимылды үйлестірді.

Медициналық оқу дабылы қызметкерлердің төтенше жағдайларға әрекет етуге дайындығын бағалауға, ықтимал осал тұстарды анықтауға және бөлімшелер арасындағы үйлестіруді жақсартуға мүмкіндік берді.

Оқу дабылы аяқталғаннан кейін барлық қатысушылардың өзара әрекеттесу деңгейі жоғары болғаны, қауіпсіздік талаптары мен шұғыл медициналық көмек көрсету протоколдарының сақталғаны атап өтілді.

Реакция:
Серiктестер