«ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен Мұнай-газ кешені қызметкерлері күніне орай «Мен – ҚазТрансОйл командасының мүшесімін» байқауы өтті. Байқау қызметкерлердің шығармашылығын көрсетуге, командалық рухын нығайтуға және корпоративтік мәдениетті дамытуға бағытталған.
Бейне конкурсқа «ҚазТрансОйл» компаниялар тобының, сондай-ақ оның еншілес және бірлесіп бақыланатын ұйымдарының қызметкерлері қатысты.
«Мен – ҚазТрансОйл командасының мүшесімін» байқауының шартына сәйкес әр қатысушы қызықты Reels түсіріп, онда олар компанияға қалай келгенін, бұл саланы неге таңдағанын және «ҚазТрансОйл» командасының мүшесі болу ол үшін нені білдіретіні туралы айтты. Жеңімпаздар KazTransOil Telegram арнасында ұйымдастырылған дауыс беру арқылы анықталды.
Байқау қорытындысы бойынша келесі қызметкерлер жеңімпаз атанды:
Бұл байқау қызметкерлердің мотивациясын арттырып, олардың шығармашылық әлеуетін ашуға және командалық рухты нығайтуға ықпал етті деп сенеміз. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!