KZTO ()
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары ()

«ҚАЗТРАНСОЙЛ» АҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӘСІБИ ШЕБЕРЛЕР БАЙҚАУЫНДА ҚАЗАҚСТАН АБЫРОЙЫН АСҚАҚТАТТЫ

 31.10.2025    72

«ҚазТрансОйл» АҚ мұнайқұбыршылары Өзбекстан Республикасының Бұхара қаласында өткен Skill Contest IV Халықаралық кәсіби шеберлік байқауында сәтті өнер көрсетті.

Байқау Азия және Африка елдерінен қатысқан мұнай құбырлары компаниясының мамандарын, соның ішінде қытайлық Sino-Pipeline International Co. Ltd. компаниясының өкілдерін біріктірді. Іс-шара «Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясында ұйымдастырылып, қатысушылар құбыр саласының бес кәсіби номинациясы бойынша бақ сынасты.

Жарыс қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ өкілдері кәсіпқойлық пен шеберліктің жоғары деңгейін көрсетіп, бірнеше номинация бойынша жүлделі орындарға ие болды.

«ҚазТрансОйл» АҚ Шымкент мұнай құбыры басқармасының ӘЖ және ЭХҚ жөндеу және қызмет көрсету бойынша учаске бастығы Жанәділ Мархабай «Электрохимиялық қорғау және жоғары вольтты желілер» номинациясы бойынша II орынды алды.

«ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс операторлық қызметтер көрсету  басқармасының (ШОҚБ) «Арал» ТАҚП желілік құбыршысы Қуаныш Есжанов «Желілік құбыршы» номинациясы бойынша ІІІ орынды иеленді.

«Құмкөл» ЖЭУ электр газбен дәнекерлеушісі Ержан Ысқақов «Электр газбен дәнекерлеуші» номинациясы бойынша III орынға ие болды.

Сондай-ақ, команда басшысы - ШОҚБ магистральдық құбырларды пайдалану қызметінің бастығы Данияр Мұхаметбайдың жоғары кәсібилігін атап өтпеске болмайды. Ол қатысушыларымыздың сапалы дайындығын қамтамасыз етті. Оның білікті тәлімгерлігі мен қолдауының арқасында команда сәтті өнер көрсетіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Skill Contest байқауы құбыр саласы қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталған, бұл инфрақұрылымның қауіпсіздігі мен сенімділігін арттыруға тікелей әсер етеді. Байқауға қатысушылар кәсіби білімдері мен дағдыларын көрсетіп қана қоймай, құбыр учаскелерін пайдалану және қызмет көрсету бойынша тәжірибе алмасты.

Біз жеңімпаздарды және бүкіл команданы лайықты өнер көрсетулерімен құттықтаймыз!




Серiктестер