ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ІШКІ НАРЫҒЫНА МҰНАЙ ТАСЫМАЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ТАРИФТЕР
Қазақстан Республикасының ішкі нарығына мұнай тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтерді табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Қазақстан Республикасының ішкі нарығына мұнай тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтерді есептеу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы №90 бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының 2025 жылғы 28 қарашадағы №101-НҚ бұйрығымен «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының магистральдық құбырлар жүйесі арқылы Қазақстан Республикасының ішкі нарығына мұнай айдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметіне тарифтік реттеудің ынталандырушы әдісі ескерілген 2026-2030 жылдарға тарифтік смета мен тариф бекітілді.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап тариф 1000 км-ге 1 тонна үшін 6 777,76 теңгені (ҚҚС-сыз) құрайды, бұл 1 862,55 теңгеге немесе 37,89%-ке өсті.
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап тариф 1000 км-ге 1 тонна үшін 6 960,90 теңгені (ҚҚС-сыз) құрайды.
2028 жылғы 1 қаңтардан бастап тариф 1000 км-ге 1 тонна үшін 7 270,83 теңгені (ҚҚС-сыз) құрайды.
2029 жылғы 1 қаңтардан бастап тариф 1000 км-ге 1 тонна үшін 7 564,99 теңгені (ҚҚС-сыз) құрайды.
2030 жылғы 1 қаңтардан бастап тариф 1000 км-ге 1 тонна үшін 8 018,58 теңгені (ҚҚС-сыз) құрайды.
«ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының (Басқарма төрағасының) 2025 жылғы 17 желтоқсандағы №122 бұйрығымен магистральдық құбыр желісі жүйесі бойынша мұнай айдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке тариф 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 2026 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін 1000 км-ге 4 963,25 теңге/тонна мөлшеріне (2025 жылға инвестициялық бағдарламаның төмендеуіне байланысты) бекітілді.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫ АРҚЫЛЫ ТРАНЗИТТЕУ ЖӘНЕ РЕСПУБЛИКА ШЕГІНЕН ТЫС ЖЕРГЕ ЭКСПОРТТАУ МАҚСАТЫНДА МҰНАЙ ТАСЫМАЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ТАРИФТЕР
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 2015 жылғы мамырда түзетулердің қабылдануымен Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Республика шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында мұнай тасымалдау жөніндегі қызметтер табиғи монополиялар саласынан шығарылды.
«ҚазТрансОйл» АҚ-та мұнайды экспортқа және транзитке тасымалдау қызметтеріне тарифтерді есептеу үшін «ҚазТрансОйл» АҚ-тың Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау және ел аумағы арқылы транзиттеу мақсатында магистральдық құбырлар арқылы мұнай тасымалдау жөніндегі қызметтерге тарифтерді есептеу әдістемесі әзірленді және қолданылады.
Мұнайды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу мақсатында тасымалдау қызметтеріне арналған тарифтерді «ҚазТрансОйл» АҚ жеке бекітеді.
ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының (Басқарма төрағасының) 2024 жылғы 26 қарашадағы №124 бұйрығымен «ҚазТрансОйл» АҚ-тың Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге экспорттау мақсатында магистральдық құбырлармен мұнай айдау қызметіне тариф ҚҚС-сыз 1000 км-ге 1 тонна үшін 11 300,00 теңге мөлшерінде бекітілді. Аталған тариф 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданыста.
Кесте. Тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қосымша қызметтерге тарифтер және Ресей мұнайын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу мақсатында тасымалдау құны
| р/с № | Қызметтер | Ішкі нарық тарифі, бір тонна үшін теңгемен (ҚҚС есебінсіз) | Экспорт тарифі, бір тонна үшін теңгемен (ҚҚС есебінсіз) | Транзит тарифі, бір тонна үшін АҚШ доллары (ҚҚС-сыз) | Ескертпе |
|---|---|---|---|---|---|
| 1 | Т. Қасымов атындағы МАС-та мұнайды т/ж цистерналарына құю | 1 254,76 | 1 213,20 |
ТМРК 2025 жылғы 25 желтоқсандағы №118-НҚ бұйрығы «ҚазТрансОйл» АҚ 2023 жылғы 31 наурыздағы № 31 бұйрығы |
|
| 2 | Т. Қасымов атындағы МАС-та т/ж цистерналарынан мұнай ағызу | 1 715,05 | 746,34 |
ТМРК 2025 жылғы 25 желтоқсандағы №118-НҚ бұйрығы «ҚазТрансОйл» АҚ 2015 жылғы 28 қазандағы № 111 бұйрығы |
|
| 3 | Т. Қасымов атындағы МАС-та мұнайды «Кеңқияқ - Атырау» мұнай құбырына ауыстырып тиеу | 80,99 | 80,34 |
ТМРК 2025 жылғы 25 желтоқсандағы №118-НҚ бұйрығы «ҚазТрансОйл» АҚ 2015 жылғы 28 қазандағы № 111 бұйрығы |
|
| 4 | «Ақтау» БМАС-та т/ж цистерналарынан мұнай ағызу | 122,03 | 625,36 |
ТМРК 2025 жылғы 25 желтоқсандағы №118-НҚ бұйрығы «ҚазТрансОйл» АҚ 2025 жылғы 24 ақпандағы №14 бұйрығы |
|
| 5 | «Мақат» МАС-та мұнайды «Кеңқияқ – Атырау» мұнай құбырына ауыстырып тиеу | 964,91 | 2 436 |
ТМРК 2025 жылғы 25 желтоқсандағы №118-НҚ бұйрығы «ҚазТрансОйл» АҚ 2025 жылғы 26 қарашадағы №123 бұйрығы |
|
| 6 | «Кеңқияқ» БМАС-та мұнайды ауыстырып тиеу | 144,05 | 740 |
ТМРК 2025 жылғы 25 желтоқсандағы №118-НҚ бұйрығы «ҚазТрансОйл» АҚ 2025 жылғы 26 қарашадағы №123 бұйрығы |
|
| 7 | Н.Н. Шманов атындағы МАС-та мұнайды «Кеңқияқ – Атырау» мұнай құбырына ауыстырып тиеу | 137,46 | 1 000,00 |
ТМРК 2025 жылғы 25 желтоқсандағы №118-НҚ бұйрығы «ҚазТрансОйл» АҚ 2023 жылғы 31 наурыздағы № 30 бұйрығы |
|
| 8 | «Шағыр» мұнай құю эстакадасында мұнайды теміржол цистерналарына құю | 517,00 | 280,90 |
ТМРК 2025 жылғы 25 желтоқсандағы №118-НҚ бұйрығы «ҚазТрансОйл» АҚ 2015 жылғы 28 қазандағы № 111 бұйрығы |
|
| 9 | Бірыңғай маршруттау бойынша операторлық қызмет | 31,91 | 84,47*/310,00* |
ТМРК 2025 жылғы 25 желтоқсандағы №118-НҚ бұйрығы Приказ АО «КазТрансОйл» от 1 декабря 2025 года № 115 |
|
| 10 | Мұнайды тік болат резервуарларда сақтау | айына бір тонна үшін 93,59 теңге | айына бір тонна үшін 233,76 теңге |
ТМРК 2025 жылғы 25 желтоқсандағы №118-НҚ бұйрығы «ҚазТрансОйл» АҚ 2015 жылғы 28 қазандағы № 111 бұйрығы |
|
| 11 | Т. Қасымов атындағы МАС-та мұнайды КҚК жүйесіне мұнайды қыздырусыз ауыстырып тиеу | 263,49 |
«ҚазТрансОйл» АҚ 2023 жылғы 31 наурыздағы № 31 бұйрығы |
||
| 12 | Т. Қасымов атындағы МАС-та мұнайды КҚК жүйесіне мұнайды қыздыра отырып ауыстырып тиеу | 320,09 |
«ҚазТрансОйл» АҚ 2023 жылғы 31 наурыздағы № 31 бұйрығы |
||
| 13 | «Ақтау» БМАС-та мұнайды танкерлерге құю | 403,71 |
«ҚазТрансОйл» АҚ 2015 жылғы 28 қазандағы № 111 бұйрығы |
||
| 14 | «Атасу» БМАС-та мұнайды «Атасу-Алашанькоу» мұнай құбырына ауыстырып тиеу | 380 |
«ҚазТрансОйл» АҚ 2025 жылғы 26 қарашадағы №123 бұйрығы |
||
| 15 | Ресейден шығарылған мұнайды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Өзбекстан Республикасына транзиттеу мақсатында тасымалдау | 27,9 |
«ҚазТрансОйл» АҚ 2022 жылғы 27 желтоқсандағы №154 бұйрығы |
||
| 16 | «Туймазы-Омбы-Новосибирск-2» магистральдық құбырының қазақстандық учаскесі бойынша Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу мақсатында мұнай айдау | 2,1 |
«ҚазТрансОйл» АҚ 2023 жылғы 30 қарашадағы №131 бұйрығы |
*Қазақстан мұнайын Беларусь Республикасынан басқа, өзге мемлекеттердің құбыр жүйелері арқылы тасымалдауды ұйымдастыру (бірыңғай маршруттау бойынша операторлық қызмет) –1 тонна үшін 84,47 теңге мөлшерінде (ҚҚС-сыз);
- Қазақстан мұнайын Беларусь Республикасының құбыр желісі жүйесі арқылы тасымалдауды, сондай-ақ «Адамова Застава» (Польша Республикасы) мұнай тапсыру пунктінде мұнайды қабылдау-тапсыруды ұйымдастыру (бірыңғай бағдарлау бойынша операторлық қызмет) – 1 тонна үшін 310,00 теңге мөлшерінде (ҚҚС-сыз).
Аталған тарифтер 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.
Ресей мұнайын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына транзиттеу мақсатында тасымалдау құнын Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі бекітеді.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 485 бұйрығына сәйкес 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2033 жылғы 31 желтоқсанға дейін «Ресей Федерациясының шекарасы – Қазақстан Республикасының шекарасы (Прииртышск) – Атасу (Қазақстан Республикасы) – Алашанькоу (Қытай Халық Республикасы)» тасымалдау бағдары бойынша Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына жылына 10 млн тонна мөлшеріндегі Ресей мұнайын тасымалдау құны ҚҚС есебінсіз 1 тонна үшін 15,0 АҚШ долларын құрайды.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 8 сәуірдегі № 151-НҚ бұйрығымен Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 485 бұйрығына өзгерістер енгізілді.