KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Халықаралық ынтымақтастық

2015 жылдан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ Халықаралық мұнай тасымалдаушылар қауымдастығының қатысушысы болып табылады.

Халықаралық мұнай тасымалдаушылар қауымдастығы - мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау саласында жұмыс істейтін, оның құрамына кіретін мүшелерді қолдау үшін, олардың кәсіби қызметін жүзеге асыру кезінде және оның мүшелерінің бұл үшін барынша қолайлы жағдайлар жасаудағы күш-жігерін тиімді үйлестіру үшін құрылған халықаралық үкіметтік емес ұйым.

Мұнай тасымалдаушылардың халықаралық қауымдастығының құрамына 10 компания кіреді: «МЕРО ЧР» АҚ (Чехия), «Транснефть» ЖАҚ (Ресей), «ҚазТрансОйл» АҚ (Қазақстан), «Транспетрол» АҚ (Словакия), «Гомельтранснефть Дружба» ААҚ (Беларусь), «МОЛ» АҚ (Венгрия), Қытай Ұлттық Мұнай-Газ Корпорациясы (CNPC, Қытай), «Укртранснафта» АҚ (Украина), «Янаф» АҚ (Хорватия) және «ТРАНСНАФТА» АҚ  Панчево (Сербия). Қауымдастықтың бақылаушысы - Каспий Құбыр Консорциумы АҚ.
 
Қауымдастықтың негізгі мақсаттары:
  1. қауымдастық мүшелерінің мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау және сақтау саласындағы коммерциялық мүдделерін қорғау және нығайту;
  2. мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау және сақтау саласында жан-жақты дамуға жәрдемдесу;
  3. қауымдастық мүшелеріне халықаралық, аймақтық және ұлттық нарықтардағы өзара қарым-қатынастарды нығайтуға және дамытуға көмектесу;
  4. кәсіби ұйымдармен және мекемелермен байланыс орнату және қолдау, сондай-ақ осындай субъектілермен қарым-қатынаста Қауымдастық мүшелерін ұсыну;
  5. мұнай және мұнай өнімдерін халықаралық, өңірлік және ұлттық деңгейлерде тасымалдау мен сақтауға қолданылатын құқықтық нормалар мен стандарттарды әзірлеу және енгізу мониторингі;
  6. қауымдастық мүшелеріне қатысты іргелі мәселелерді талқылау кезінде үкіметтік емес ұйымдарды қоса алғанда, мемлекеттік билік органдарымен және жұртшылықпен ынтымақтастықты жүзеге асыру және Қауымдастық мүшелерінің ұстанымдарын қорғау;
  7. мемлекеттік органдар мен жұртшылық, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар арасында мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау мен сақтау саласының оң имиджін қолдау;
  8. мұнай жеткізудің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдаудың ұлттық жүйесінің жан-жақты дамуы мен жұмыс істеуін қолдау;
  9. мұнай және мұнай өнімдерін халықаралық тасымалдау және сақтау стандарттары мен қағидаларын үндестіру және біріздендіру мәселелерінде, барлық шектес салаларда техникалық ақпарат, стандарттар және осы материалдармен байланысты басқа да материалдар алмасу үшін пікір алмасу және көзқарас тұғырнамасы ретінде әрекет ету, сондай-ақ мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау және сақтау саласында тәжірибе мен ноу-хау алмасуға жәрдемдесу;
  10. құбыр көлігінің қолданыстағы инфрақұрылымын тиімді пайдалануға бір мезгілде бағыттала отырып, Қауымдастық мүшелерінің қызметіне әсер ететін жаңа ірі жобаларды бірлесіп бағалау үшін өлшемшарттарды әзірлеу.
Серiктестер