KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Грузиядағы еншілес компанияның өндірістік нысандарын аралады

 01.10.2024    4235
«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы) Арман Қасенов «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ (қатысу үлесінің 100% «ҚазТрансОйл» АҚ-на тиесілі) және «Батуми теңіз порты» ЖШҚ (100% үлесті басқаруға эксклюзивті құқығы бар) өндірістік нысандарын аралады.

«Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ және «Батуми теңіз порты» ЖШҚ инфрақұрылымын тексеру барысында Арман Қасеновке өндірістік нысандардың техникалық мүмкіндіктері туралы баяндалды. 


Грузияға жұмыс сапары аясында «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы) Грузияның бірінші вице-премьері – экономика және тұрақты даму министрі Леван Давиташвилимен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Грузия үкіметаралық комиссиясы он екінші отырысының хаттамасын орындау мәселелерін қарады және ынтымақтастық перспективаларын талқылады. 

Сондай-ақ, тиімді серіктестіктің басымдықтарын Арман Қасенов «Грузия темір жолы» АҚ бас директоры Дэвид Перадземен кездесуінде қарастырды.  Атап айтқанда, жүк айналымы көлемін ұлғайту мәселелері талқыланды.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ Грузиядағы өндірістік активтерге тікелей иелік етуді және басқаруды «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ арқылы жүзеге асырады.

«Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ мұнайды, мұнай өнімдерін және сұйытылған көмірсутекті газды тиеу, айдау, сақтау, сондай-ақ өз айлақтарын, технологиялық құбырлар мен резервуарларды пайдалана отырып, оларды қайта өңдеу өнімдерін ұсынады.
Реакция:
Серiктестер