KZTO 824,00 (+0,12%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 824,00 (+0,12%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Құлсары мұнай құбыры басқармасында балалар сурет байқауы қорытындыланды

 16.07.2024    156
Құлсары мұнай құбыры басқармасының Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбек және қоршаған ортаны қорғау бөлімі «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорымен бекітілген 2024-2027 жылдарға арналған өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбек және қоршаған ортаны қорғау жағдайын жақсарту бойынша Жол картасы аясында Құлсары МҚБ қызметкерлерінің балалары арасында «Табиғатты аялайық!» тақырыбы бойынша 6 жас пен 14 жасқа дейінгі балалар арасындағы сурет байқауын қорытындылады. «Табиғатты аялайық» тақырыбында салынған сурет байқауына 40-тан астам оқушы қатысты. Арнайы құрылған байқаудың қазылар алқасы суреттерді саралап, жеңімпаздарды анықтады.

Конкурсқа қатысушы балалар «Қоқыс –  жаhандық экологиялық проблема» шеберлік сабағына қатысып, қоршаған ортаны қорғау тақырыбында тың мағлұматтар алды. Соңында байқау жүлдегерлері Құлсары МҚБ бастауыш кәсіподақ ұйымының қолдауымен арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.
 
 
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер