Тұрғын үй массивтеріне жақын орналасқан «Батум мұнай терминалы» ЖШҚ (БМТ) технологиялық мұнай құбыры аумағында жоспарлы апатқа қарсы оқу-жаттығуы сәтті өтті. Сценарий бойынша – диаметрі 700 мм құбырда шартты мұнай төгілу жағдайы қарастырылды.
Мақсат – апатты жағдайда қызметкерлердің үйлесімді әрі жедел әрекет ету машығын жетілдіру: жедел хабарлама беру, технологиялық апатты тоқтату, апаттық бригадалардың шығуы мен төтенше жағдай салдарын жою. Сонымен қатар, терминалдың кезекші медицина қызметкерінің қатысуымен алғашқы медициналық көмек көрсету іс-қимылдары да пысықталды.
Жаттығу басталғанға дейін жақын маңдағы тұрғындарға алдын ала хабар беріліп, дайындық кезеңі қолданыстағы қауіпсіздік талаптарына толық сай жүргізілді.
Оқу-жаттығуға 30-дан астам арнайы техника олардың ішінде: автокрандар, сорғы құрылғылары, мобильді генераторлар, өрт сөндіру құралдары жұмылдырылды. Сонымен қатар, 30-дан аса маман қатысты. Шараға жөндеу-механикалық қызмет, апаттық бөлімшелер, мұнай төгілуіне әрекет ету тобы, өрт сөндіру есебі, қауіпсіздік және медицина қызметтері тартылды.
Мұндай оқу-жаттығулар БМТ-да тұрақты тәжірибеге айналған және үздіксіз өткізіліп тұрады. Әсіресе жергілікті тұрғындармен үйлесімді әрекет етуге ерекше мән беріледі – бұл бірлескен және тиімді әрекет етуге, сондай-ақ сенімділік пен қауіпсіздік деңгейін арттыруға ықпал етеді. Барлық жаттығу нәтижелері жергілікті атқарушы органдарына міндетті уақытылы жеткізіліп тұрады.
Нәтиже көрсеткендей, терминал кез келген төтенше жағдайда тиімді әрекет етуге толық дайын. БМТ – халықаралық инфрақұрылымның сенімді, қауіпсіз және тұрақты элементі болып табылады.