KZTO ()
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары ()

Батуми теңіз порты «Жасыл порт» мәртебесін сәтті растады

 11.11.2025    65

«Батуми теңіз порты» ЖШҚ («ҚазТрансОйл» АҚ еншілес компаниясы «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ 100% үлесін басқарудың эксклюзивті құқығына ие) экологиялық тұрақтылық және халықаралық сертификация саласындағы стратегиялық бастамаларды жүзеге асыруын жалғастыруда.

2024 жылы порт Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының (ЕҚЫҰ) қолдауымен және Нидерландтағы ECO Sustainable Logistics Chain Foundation (ECOSLC) Қорының қолдауымен «Жасыл порт» мәртебесін алды және EcoPorts PERS (Port Environmental Review System) халықаралық стандартына сәйкес экологиялық менеджмент жүйесінің сәйкестігін растайтын сертификатқа ие болды. Экологиялық менеджмент жүйесі аудиті сертификаттау жөніндегі халықаралық Lloyd’s Register (Нидерланды) органы тарапынан жүргізілген.

«Тұрақты жетілу» ұстанымын дәлелдеу және 2025 жылы қайта сертификаттауға дайындалу мақсатында БТП-да өзін-өзі диагностикалау Әдісі бойынша (Self-Diagnosis Method, SDM) аралық аудит өткізілген.

SDM есебін дайындау бойынша жұмыстар 2025 жылдың тамыз-қыркүйек айлары кезеңінде жүргізілді. Батуми теңіз портының аудиттен сәтті өткені расталды және экологиялық менеджмент жүйесін әрі қарай жетілдіру жөнінде нұсқаулықтар алды.

Қазіргі уақытта Батуми теңіз порты EcoPorts PERS қайта сертификаттауға дайындық бойынша және 2026 жылы «Жасыл порт» мәртебесін дәлелдеуге бағытталған  кешенді шараларды жүзеге асыруда.

«Жасыл порт» халықаралық мәртебесін қолдау «ҚазТрансОйл» АҚ шетелдік активі, «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ компаниялар тобының экологиялық жауапкершілікті, ұтымды табиғатты пайдалану мен тұрақты дамуды міндеттенетінін көрсетеді.

Серiктестер