KZTO 837,00 (+0,33)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 837,00 (+0,33)

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстан Республикасының ішкі нарығына мұнайды айдау жөніндегі қызметке тариф өзгереді

 01.12.2025    14

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының 2025 жылғы 28 қарашадағы № 101-НҚ бұйрығына сәйкес 2026-2030 жылдарға арналған ынталандырушы тарифтік реттеу әдісті ескере отырып, «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының магистральдық құбырлар жүйесі арқылы Қазақстан Республикасының ішкі нарығына мұнайды айдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке  тарифтік смета және тариф бекітілді.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап тариф 1000 км-ге 1 тонна үшін (ҚҚС-сыз) 6777,76 теңгені құрайды, бұл 1 862,55 теңгеге, немесе 37,89 %-ке өсу болып табылады.

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап тариф 1000 км-ге 1 тонна үшін (ҚҚС-сыз) 6 960,90 теңгені құрайды.

2028 жылғы 1 қаңтардан бастап тариф 1000 км-ге 1 тонна үшін (ҚҚС-сыз) 7270,83 теңгені құрайды.

2029 жылғы 1 қаңтардан бастап тариф 1000 км-ге 1 тонна үшін (ҚҚС-сыз) 7 564,99 теңгені құрайды.

2030 жылғы 1 қаңтардан бастап тариф 1000 км-ге 1 тонна үшін (ҚҚС-сыз) 8 018,58 теңгені құрайды.

Санаттар:
Реакция:
Серiктестер