KZTO 963,20 (+1,88)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 963,20 (+1,88)

2025 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ мұнай тасымалдаудың шоғырландырылған көлемі 47 млн 33 мың тоннаны құрады

 16.01.2026    52
2025 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесінің тұрақты және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп, экспорттық бағыттарды әртараптандыру және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бойынша кешенді шараларды іске асырды.
Әлемдік энергетикалық нарықтағы тұрақсыздық жағдайында компания жүк жөнелтушілермен және шетелдік серіктестермен бірлесіп, бірқатар келіссөздер мен ауқымды үйлестіру жұмыстарын жүзеге асырды. Нәтижесінде экспорттық көлемдердің бір бөлігі КҚК мұнай құбыры жүйесінен баламалы бағыттарға – Новороссийск және Усть-Луга теңіз порттарына, «Адамова Застава» мұнай тапсыру пунктіне және «Атасу – Алашанькоу» мұнай құбырына қайта бағдарланды. Сонымен қатар, Өзбекстан Республикасына транзит қайта жанданып, Қырғыз Республикасына жеткізілімдер жүзеге асырылды, сондай-ақ Польшада өкілдік ашу арқылы еуропалық бағыттағы тасымалдау нығая түсті.   
 
2025 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша жеке алғанда 45 млн 120 мың тонна мұнай тасымалданды. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 1%-ға артып, соңғы 7 жылдағы ең жоғары деңгейге жетті.
Магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша мұнай жүк айналымы 36 млрд 2 млн тонна-километрді құрап, 2024 жылғы көрсеткіштен 1%-ға жоғары болды.
«ҚазТрансОйл» АҚ мұнай бойынша шоғырландырылған жүк айналымы 46 млрд 57 млн тонна-километрді құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 2%-ға өсті.
2025 жылы Қазақстан Республикасының отандық мұнай өңдеу зауыттарына жеткізілген мұнай көлемі 18 млн 45 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4%-ға артық. Атап айтқанда:
«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС – 5 млн 345 мың тонна;
« ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС – 6 млн 226 мың тонна;
«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС – 5 млн 778 мың тонна;
«CASPI BITUM» БК» ЖШС – 696 мың тонна.
«Өзен – Атырау – Самара» магистральдық мұнай құбырының «Атырау – Самара» учаскесі бойынша мұнай тасымалдау көлемі 11 млн 134 мың тоннаны құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 7%-ға өсті. Оның ішінде 2025 жылы «Транснефть» ЖАҚ мұнай құбырлары жүйесіне Германияға әрі қарай жеткізу үшін қазақстандық мұнай жеткізу көлемі 2024 жылмен салыстырғанда 44%-ға артып, 2 млн 146 мың тоннаны құрады.
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан «ТОН-2» мұнай құбыры учаскесінде 11 млн 867 мың тонна мұнай тасымалданып, бұл көрсеткіш 2024 жылғы деңгейде сақталды.
«Атасу – Алашаңқай» магистральдық мұнай құбырына 11 млн 86 мың тонна мұнай айдалды, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 1%-ға төмен.
«Каспий Құбыр Консорциумы-К» АҚ жүйесіне мұнайды ауыстырып тиеу көлемі 3 млн 559 мың тоннаны құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 15%-ға азайды.
Ақтау портында «ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік ауқатын пайдалана отырып танкерлерге мұнай құю көлемі 3 млн 226 мың тоннаны құрады, бұл 2024 жылғы деңгейден 4%-ға төмен. Оның ішінде «Баку – Тбилиси – Джейхан» бағыты бойынша ауыстырып тиеу көлемі 11%-ға азайып, 1 млн 263 мың тоннаны құрады.
«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС мұнай құбырлары жүйесі бойынша 19 млн 500 мың тонна мұнай тасымалданып, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 4%-ға артты. Мұнай жүк айналымы 17 млрд 471 млн тонна-километрді құрап, сондай-ақ 4%-ға өсті.
«МұнайТас» СБҚК» ЖШС мұнай құбыры бойынша мұнай тасымалдау көлемі 6 млн 129 мың тоннаны құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 6%-ға артты. Мұнай жүк айналымы да 8%-ға өсіп, 2 млрд 586 млн тонна-километрді құрады.
«Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ және «Petrotrans Limited» компаниялары тобы бойынша есепті кезеңде мұнай өнімдері мен газды ауыстырып тиеу көлемі 1 млн 913 мың тоннаны құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 3%-ға артты. 2025 жылы барлық мұнай жүк айналымы бойынша жалпы ауыстырып тиеу көлемі 7 млн 284 мың тоннаға жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 10%-ға артты.
«Магистральдық суағызғысы» ЖШС «Астрахань – Маңғышлақ» су құбыры арқылы Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына 25 млн 911 мың текше метр тұщы су жеткізді, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 2%-ға төмен.
 
2026 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ ұлттық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экспорттық міндеттемелерді орындау бойынша мемлекет жүктеген міндеттерді іске асыру бойынша жұмысын жалғастырады.
 
Серiктестер