KZTO 963,20 (+1,88)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 963,20 (+1,88)

Батуми теңіз порты Орта дәлізді дамыту аясында Әзербайжан және Грузия темір жолдарымен өзара ынтықмақтастықты нығайтуда

 30.01.2026    44
30 қаңтарда Батуми теңіз порты «Әзербайжан темір жолдары» ЖАҚ және «Грузия темір жолы» АҚ жоғары басшылығының делегацияларын қабылдады.

«Әзербайжан темір жолдары» Басқарма төрағасы Ровшан Рустамов пен «Грузия темір жолы» Бас директоры Лаша Абашидзе бастаған делегация мүшелері портқа Баку – Тбилиси – Карс бағытын дамытудың жаңа кезеңі аясында келді. 

Батуми теңіз порты серіктестер тарапынан Марабда – Карцахи желісі бойынша айырықша тасымалдар жөніндегі қол қойылған келісім аясында тиімді логистиканы қамтамасыз ететін және транзиттік жүктердің халықаралық нарықтарға шығуын жүзеге асыратын негізгі теңіз тораптарының бірі ретінде қарастырылуда. 

Өндірістік нысандарды аралау барысында Батуми теңіз портының бас директоры Ұлан Тілеуғали қонақтарды порттың ағымдағы қызметімен және мүмкіндіктерімен таныстырды. Орта дәліз бағытының сенімділігі мен өткізу қабілетін арттыру мақсатында порт пен теміржол операторларының жұмысының өзара үйлесімділігіне ерекше мән берілді.

Порт мүмкіндіктерін жаңа теміржол бағытымен біріктіру халықаралық нарыққа тұрақты әрі бәсекеге қабілетті логистикалық шешімдер ұсынуға мүмкіндік береді. Батуми теңіз порты Грузияның транзиттік әлеуетін арттыруға және өңірдің заманауи көлік архитектурасын дамытуға бағытталған ауқымды өңірлік жобаларды іске асыруға белсенді атсалыспақ.
 
Серiктестер