KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ-тың мердігерлік компаниясы Қарағанды облысында мұнай шламының төгілу салдарын жойды

 02.12.2020    938
«ҚазТрансОйл» АҚ «Атасу» бас мұнай айдау станциясындағы резервуарды түптік шөгінділерден кейіннен кәдеге жарата отырып тазартуды жүзеге асыратын «Qazaq Oil & Gas Service Company» ЖШС мердігерлік ұйымы 2020 жылғы 30 қарашада Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Атасу кенті мен Мұқажан Жұмажанов атындағы ауылдық округі арасындағы жол учаскесінің мұнай шламымен ластану салдарын жойды.

«ҚазТрансОйл» АҚ пен «Qazaq Oil & Gas Service Company» ЖШС арасындағы шартқа сәйкес түптік шөгінділерді (түптік тұнбаларды) және эмульсияны қабылдау актісіне қол қойылған сәттен бастап мүліктік жауапкершілік және оларды одан әрі пайдалану Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің талаптарына сәйкес кәдеге жарату, залалсыздандыру, орналастыру және қауіпсіз жою жөніндегі іс-шараларды орындау жауапкершілігі мердігерге өтеді.
Анықтама үшін:

«ҚазТрансОйл» АҚ - Қазақстан Республикасының магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық операторы. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км құрайтын магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие болып келеді. Мұнайды қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына және экспортқа 5 бағыт бойынша тасымалдайды:«Атырау-Самара» және «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырлары, Ақтау порты (танкерлерге мұнай құю), теміржол (цистерналарға құю), КҚК жүйесіне ауыстырып тиеу. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік объектілері Нұр-Султан, Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе облыстарында орналасқан.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ
жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті
Реакция:
Серiктестер