KZTO 840,99 (+0,93%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 840,99 (+0,93%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«Шағыр» МҚП мұнай құбыры учаскесінде монтаждау жұмыстары жүргізілді

 25.04.2022    211
Шымкент мұнай құбыры басқармасы сәуір айында бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес «Шымкент – Чарджоу» ММҚ – Ф530 мм «Шағыр» МҚП 48 км мұнай құбыры учаскесінде тазалау және диагностика құралдарын қабылдау және іске қосудың уақытша камераларын демонтаждау бойынша жұмыстар жүргізді.

«Шымкент – Чарджоу» ММҚ – «Шағыр» МҚП 48 км учаскесінде Ф530 мм құбыр желісін тазалау және диагностикалау және қалпына келтіру құралдарын қабылдау және іске қосудың уақытша камераларын демонтаждау бойынша жұмыстар атқарылды. Іс-шараларға арнайы техника мен Шымкент МҚБ апаттық-қалпына келтіру пункттерінің қызметкерлері, ӘБП, ӨҚБ қызметкерлері қатысты», – деді ШМҚБ магистральдық құбырларды пайдалану қызметінің бастығы Еркін Абдуллаев.


Жұмыс қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарын қатаң сақтай отырып жүргізілді.

АҚП қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының және жедел басқарудың арқасында жұмыстар дәл жоспарланған уақытында орындалды.

Жансая Сыдықбай, ШМҚБ
Реакция:
Серiктестер