KZTO 838,21 (-0,57%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 838,21 (-0,57%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«ҚазТрансОйл» АҚ Акционерлері жалпы жиналысы «ҚазТрансОйл» АҚ-тың бір жай акциясына есептегендегі дивиденд мөлшерін бекітті

 19.05.2022    728


Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Тұран даңғылы, 20-ғимарат, 12-тұрғын емес үй-жай мекенжайында орналасқан  «ҚазТрансОйл» АҚ БСН 970 540 000 107, 2012 жылғы 29 тамыздағы қосылған құн салығы туралы тіркеу есебіне қою бойынша  куәлік сериясы 62001 № 0015217, Кбе 16, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, SWIFT BIC: HSBKKZKX, KZ536010111000012185 (теңге) 2022 жылғы 19 мамырда «ҚазТрансОйл» АҚ Акционерлері жалпы жиналысы «ҚазТрансОйл» АҚ-тың 2021 жылғы таза кірісін бөлу тәртібін және «ҚазТрансОйл» АҚ-тың бір жай акциясына есептегендегі дивиденд мөлшерін бекіткенін хабарлайды.
 

 «ҚазТрансОйл» АҚ-тың 2021 жылғы қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындыларын,  сондай-ақ қалыптасқан геосаяси жағдай және компанияның ұзақ мерзімді дамуы аясында қаржылық тұрақтылығын, «ҚазТрансОйл» АҚ-тың бекітілген инвестициялық бағдарламасының іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелерін, «ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік персоналының жалақы деңгейінің ұлғаюына байланысты шығыстардың елеулі өсуін және  және сервистік компаниялардың қызметтеріне ақы төлеу жөніндегі шығыстарды қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, «ҚазТрансОйл» АҚ Акционерлері жалпы жиналысы келесілерді бекіту туралы шешім қабылдады:
 
1) «ҚазТрансОйл» АҚ-тың 2021 жылғы қорытындылар бойынша алынған 50 607 007 000 теңге мөлшеріндегі таза кірісін бөлудің келесі тәртібі:
 
дивидендтерді төлеуге 10 000 330 574 теңге мөлшеріндегі соманы жолдау;
 
таза кірістің 40 606 676 426 теңге мөлшеріндегі қалған сомасы бөлінбесін және «ҚазТрансОйл» АҚ билігіне қалдырылсын;
 
2) «ҚазТрансОйл» АҚ-тың бір жай акциясына есептегендегі 2021 жылғы дивиденд мөлшері 26 теңге сомада.
 
2021 жылғы қорытындылар бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ жай акцияларына дивидендтер алуға құқығы бар «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің тізімі 2022 жылғы 1 маусымдағы 00 сағат 00 минут жағдай бойынша жасалады.
 
2021 жылғы қорытындылар бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ жай акцияларына дивидендтерді  төлеудің басталу күні  2022 жылғы 13 маусым.
Реакция:
Серiктестер