«ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы («ҚазТрансОйл» АҚ атқарушы органының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Тұран даңғылы, 20-ғимарат, 12-тұрғын емес үй-жай) «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің шешіміне (2022 жылғы 9 қыркүйектегі №14/2022 отырыс хаттамасы) сәйкес «ҚазТрансОйл» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын (бұдан әрі - Жалпы жиналыс)
Акционерлер жалпы жиналысының отырысын өткізбей сырттай дауыс беру арқылы 2022 жылғы 19 қазанда шақыру туралы хабардар етеді.
Жалпы жиналысты шақырудың бастамашысы «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесі болып табылады.
Жалпы жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімін жасау күні – 2022 жылғы 23 қыркүйек.
Егер Жалпы жиналысқа қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі жасалғаннан кейін бұл тізімге енгізілген тұлға өзіне тиесілі «ҚазТрансОйл» АҚ-тың дауыс беретін акцияларын иеліктен шығарса, Жалпы жиналысқа қатысу құқығы жаңа акционерге өтеді. Бұл ретте акцияларға меншік құқығын растайтын құжаттар ұсынылуы тиіс.
Сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу үшін толтырылған бюллетеньдерді ұсынудың басталу күні – 2022 жылғы 12 қазан.
Сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу үшін толтырылған бюллетеньдерді ұсынудың аяқталу күні – 2022 жылғы 18 қазан 18 сағат 30 минутқа дейін (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша).
Сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу күні – 2022 жылғы 19 қазан.
Жалпы жиналыстың күн тәртібі:
«ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының Жарғысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы.
Жалпы жиналыс күн тәртібінің мәселесі бойынша материалдармен акционерлер 2022 жылғы 7 қазаннан бастап жұмыс күндері 10 сағат 00 минуттан бастап 17 сағат 00 минутқа дейін (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша) мына мекенжай бойынша: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Тұран даңғылы, 20-ғимарат, 12-тұрғын емес үй-жай, 808-каб., 809-каб., сондай-ақ
www.kaztransoil.kz. «ҚазТрансОйл» АҚ интернет-ресурсында таныса алады.
Дауыс беруді өткізу тәртібі:
Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге жеке тұлға - акционер (жеке тұлға - акционердің өкілі) оның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді (жеке куәлігінің/төлқұжатының нөмірі, берілген күні, құжатты берген орган және жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)) көрсете отырып, қол қоюға тиіс.
Заңды тұлға - акционердің сырттай дауыс беруіне арналған бюллетеньге оның басшысы (заңды тұлға - акционердің өкілі) қол қоюға тиіс.
Акционердің өкілі сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге қол қойған жағдайда сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге акционер өкілінің өкілеттігін растайтын сенімхаттың немесе өзге де құжаттың көшірмесі қоса беріледі.
Жеке тұлға - акционердің не заңды тұлға - акционер басшысының немесе жеке тұлға - акционер өкілінің не заңды тұлға - акционер өкілінің қолы қойылмаған бюллетень жарамсыз деп есептеледі.
Дауыстарды санау кезінде акционер (акционердің өкілі) бюллетеньде белгіленген дауыс беру тәртібін сақтаған және дауыс берудің тек бір ғана ықтимал нұсқасын белгілеген мәселелер бойынша дауыстар ескеріледі.
Жалпы жиналысты өткізу тәртібі бойынша өзге де мәселелер «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының Жарғысында айқындалған.
Жалпы жиналыс «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35 – 37, 39, 41, 43 – 47, 49 және 51 – 52-баптарына сәйкес өткізіледі.
Жалпы жиналысты өткізумен байланысты сұрақтарға жауапты +7 (7172) 55 52 05; +7 (7172) 55 53 62 телефондары, e-mail:
tumysh@kaztransoil.kz. арқылы алуға болады.