KZTO 835,00 (-0,23%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 835,00 (-0,23%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«ҚазТрансОйл» АҚ ресми сайт мемлекеттік тілде ақпарат беру бойынша ұлттық компаниялардың рейтингінде көш бастады

 18.01.2023    453
Мемлекеттік тілдің іс жүзінде қолданылуына қатысты жүргізілген мониторинг нәтижелеріне сәйкес 2022 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ мен «KEGOC» АҚ сайттары ақпаратты қазақ тілінде жариялау бойынша ұлттық компаниялар арасында бірінші орынды иеленді.

Бұл зерттеуді Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізіп отыр.

Мониторинг кезінде жергілікті атқарушы органдардың, ұлттық компаниялардың, полиция департаменттерінің, әуекомпаниялардың, әуежайлардың, екінші деңгейлі банктердің, әлеуметтік маңызы бар қызмет көрсететін 105 ұйымның ресми сайттары тексерілді.

Ұлттық компания ресми сайттарының мемлекеттік тілде берілген ақпараттың толықтығы мен өзектілігі бағаланды.

Қазақстан Республикасының «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңына сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектілері ақпарат иелері болып табылады және ресми сайттардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, олардың сапасына ішкі бақылау жүргізуге және ақпаратты уақытылы жеткізуге міндетті.
 
Реакция:
Серiктестер