«ҚазТрансОйл» АҚ Құлсары мұнай құбыры басқармасына қарасты «Өзен – Атырау – Самара» магистральдық мұнай құбырының 508 шақырымында 14 140 м³ көлемде жерді рекультивациялау және қалпына келтіру үшін техниканы жұмылдыру жұмыстарын бастады.
2022 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ Құлсары мұнай құбыры басқармасының «Өзен – Атырау – Самара» магистральдық мұнай құбырының 499 шақырымында 0,334 га ластанған жерді рекультивацияланған еді.
Тарихи ластанған жерлерді рекультивациялау екі кезеңде жүргізіледі: техникалық және биологиялық. Рекультивацияның техникалық кезеңі мұнаймен ластанған топырақты алып тастау және қазу, таза топырақты жеткізу және аумақты жоспарлауды қарастырады. Биологиялық кезең техникалық кезең аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады және тыңайтқыштар салу және топырақты жақсартатын дақылдарды өсіру арқылы топырақтың құнарлы қабатын табиғи қалпына келтіруден тұрады.
Еске салайық, «ҚазТрансОйл» АҚ 2011 жылдан бері магистральдық мұнай құбырлары бойындағы тарихи ластанған жерлерді тазалау жұмыстарын жүргізіп келеді. Сол кезеңнен бері «ҚазТрансОйл» АҚ жалпы сомасы 7,331 млрд теңгеге жалпы көлемі 31,443 гектар жерді қалпына келтірді.