KZTO 810,00 (+0,25)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 810,00 (+0,25)

«Степное» мұнай айдау станциясында заманауи жаңа қызметтік-тұрмыстық кешеннің құрылысы жүргізілуде

 04.06.2025    39

????Қарағанды мұнай құбыры басқармасына қарасты «Степное» мұнай айдау станциясында заманауи қызметтік-тұрмыстық кешеннің құрылысы жүріп жатыр. Жоба «ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлерінің еңбек және демалыс жағдайларын жақсартуға арналған 2025–2029 жылдарға арналған Жол картасы аясында жүзеге асырылуда.

????Бүгін нысанды әлеуметтік-еңбек қатынастары және жалпы мәселелер жөніндегі басқарушы директор Ғазиз Қошанов пен күрделі құрылыс жөніндегі басқарушы директор Александр Недзе барып көрді. Басшылар құрылыс жұмыстарының барысымен танысып, мердігер ұйым өкілдерімен кездесті.

????Жобалық шешімге сәйкес, цоколдық қабаты бар екі қабатты ғимарат 35 адамға арналған. Кешенде мынадай нысандар қарастырылған:

• жатақхана,

• асхана,

• медициналық кабинет,

• тұрмыстық бөлмелер,

• инженерлік-техникалық қызметкерлерге арналған жұмыс кабинеттері,

• еңбекті қорғау кабинетімен біріктірілген мәжіліс залы,

• жаттығу залы.

????Кездесу қорытындысы бойынша компания басшылығы мердігер ұйымға құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде және сапалы орындауды тапсырды, ал басқарма басшылығына — аталған нысанның құрылысына бақылауды күшейту тапсырылды.

Реакция:
Серiктестер