KZTO 810,00 (+0,25)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 810,00 (+0,25)

Қызметкерлерге қолайлы жағдай жасау – басты басымдық!

 05.06.2025    32
Қызметкерлерге қолайлы жағдай жасау – басты басымдық!
 
«ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлерінің еңбек және демалыс жағдайларын жақсартуға бағытталған 2025–2029 жылдарға арналған Жол картасы аясында Шығыс операторлық қызметтер көрсету басқармасына қарасты екі тұрғын үй мен жатақханада ағымдағы жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
2010 жылы салынған 24 және 18 пәтерлі тұрғын үйлер мен 2007 жылдан бері күрделі жөндеуден өтпеген 32 орындық жатақхана жаңартылуда.
 
Қазіргі таңда:
* Іргетастар мен қабырғалар қалпына келтірілуде
* Сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстары атқарылуда
* Жатақхананың бетон едені мен шатыры жаңартылады
* Фасады толықтай ауыстырылады
* Асханадағы витраж терезелер жақын күндері ауыстырылады
 
Жөндеу жұмыстары №11 мұнай айдау станциясы мен құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерінің жағдайын жақсартуға бағытталған.
 
Амангелді Үрпеков, басқарма бастығы:
«Бұл жұмыстардың барлығы компаниямыздың әлеуметтік жауапкершілігі жоғары екенінің тағы да бір дәлелі. Аталмыш тұрғын үйлер мен жатақхана жұмысшылардың тұрмыстық жағдайының жақсаруына ғана емес, еңбек өнімділігін сақтау, арттыруға жетелейді.  Қолға алынған жұмыстардың сапасы мен мерзімі қатаң бақылауда».
Реакция:
Серiктестер