KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Электрмен жабдықтау жүйесінің апаттық түрде өшуіне байланысты уақытша тоқтап қалған «ҚазТрансОйл» АҚ мұнай айдау станцияларының жұмысы толық қалпына келтірілді

 10.07.2023    721

Қуат беруші ұйымның электр энергиясын беруін тұрақтандырудан кейін «ҚазТрансОйл» АҚ Атырау және Маңғыстау облыстарындағы электр қуатының өшуіне байланысты уақытша тоқтатылған мұнай айдау станцияларының (бұдан әрі – МАС) жұмысы толық қалпына келтірілді. Қазіргі таңда «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы мұнайды тасымалдау белгіленген технологиялық режимдерде жүзеге асып жатыр. «ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі бекіткен мұнай беру кестесіне сәйкес мұнайды толық көлемде тасымалдаудың техникалық мүмкіндігінің бар екенін растайды. Дегенмен, мұнай тасымалдаудың нақты көлемі мұнай компанияларының жолдайтын өтінімдеріне байланысты.

Еске сала кетейік, 2023 жылдың 3 шілдесінде «МАЭК» ЖШС жылу электр орталығының №1 энергоблогының апатты түрде сөнуі салдарынан еліміздің батыс өңіріндегі Маңғыстау және Атырау электр торабының тұтынушыларын электрмен жабдықтау жұмысы шектелген еді. Жүйелі апаттардың салдарынан «ҚазТрансОйл» АҚ-тың тоғыз МАС жұмысы жоспардан тыс тоқтап, он екі МАС жұмысына уақытша шектеулер енгізілген болатын.

Реакция:
Серiктестер