KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ-ның Грузиядағы еншілес компаниясы желтоқсанда қазақстандық мазутты ауыстырып тиеу көлемін 
30%-ға арттырады

 20.12.2023    1126

Batumi Oil Terminal LLC (100% қатысу үлесі «ҚазТрансОйл» АҚ-ға тиесілі) 2023 жылдың желтоқсан айында Батуми мұнай терминалы арқылы қазақстандық мазутты ауыстырып тиеу көлемін айына 90 мың тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отыр, бұл 2023 жылдың 11 айындағы орташа айлық көлемнен 30%-ға артық.

Батуми мұнай терминалы арқылы қазақстандық мазутты ауыстырып тиеудің қосымша көлемін тарту ауыстырып тиеу көлеміне байланысты сараланған тарифтік ставкаларды қолдану есебінен жүзеге асырылады.

2023 жылғы қаңтар-қарашада Батуми мұнай терминалы арқылы қара түсті мұнай өнімдерін ауыстырып тиеудің жалпы көлемі 682 мың тоннаны құрады, оның ішінде 443 мың тоннасы Қазақстаннан шыққан мазут.

Батуми мұнай терминалының техникалық мүмкіндіктері жылына 1,5-2 миллион тоннаға дейін мазут жөнелтуге мүмкіндік береді.

«ҚазТрансОйл» АҚ «Батуми мұнай терминалы» ЖШС (БМТ) арқылы Грузиядағы өндірістік активтерге тікелей иелік етеді және басқарады. БМТ мұнайды, мұнай өнімдерін және газды, сондай-ақ олардың өңделген өнімдерін қайта тиеу, айдау, сақтау бойынша өз айлақтарын, технологиялық құбырларды және резервуарларды пайдалана отырып қызмет көрсетеді. БМТ-ның бәсекелестік артықшылығы сонда, ол оның мұнай мен мұнай өнімдерінің әртүрлі түрлерін (соның ішінде сұйытылған мұнай газын) сақтау және қайта тиеудегі икемді.

Реакция:
Серiктестер