KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ KASE-де Эмитент күнін өткізді

 12.03.2024    1813
Қазақстан қор биржасы (KASE) ұйымдастырған Эмитент күні аясында «ҚазТрансОйл» АҚ басшылығы инвесторлар мен құнды қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына «ҚазТрансОйл» АҚ-ның 2023 жылғы қызметінің қорытындыларын таныстырды.

«ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Әміржан Оспанов, «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының корпоративтік басқару жөніндегі орынбасары Алмас Оңғарсынов және «ҚазТрансОйл» АҚ даму жөніндегі басқарушы директоры Абай Иманғалиев жоспарланған өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің, күрделі салымдардың орындалуы туралы, сондай-ақ «ҚазТрансОйл«АҚ тарифтік саясаты мен инвестициялық жобаларының іске асырылуы туралы хабарлады.

2012 жылы «Халықтық IPO» бағдарламасы аясында «ҚазТрансОйл» АҚ-ның 38 463 559 жай акциясы бірінші санат бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді. 1 (бір) қарапайым акция орналастырылмаған.  

2024 жылғы 1 наурыздағы көрсеткіштер бойынша орналастырылған «ҚазТрансОйл» АҚ жай акциялардың иегерлері «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (90%), миноритарлық акционерлер (9,998%), «ҚазТрансОйл» АҚ (0,0019%, 2016 жылы сатып алынған).
 
Реакция:
Серiктестер