KZTO 840,99 (+0,93%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 840,99 (+0,93%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«ҚазТрансОйл» АҚ Шымкент мұнай құбыры басқармасының есепшісі Наурыз көжені дайындау құпиясымен бөлісті

 20.03.2024    1483
Биылдан бастап елімізде наурыз он күн қатарынан тойланатын болды. Осыған орай, Шымкент мұнай құбыры басқармасының қызметкері Ақзер Алдаберген наурыз көже дайындап, әріптестерін дәм татуға шақырды.

Наурыз – нәрлі көже жасап, жаттың да жақынның да бір-біріне дәм татқызатын, ақ дастархан басында жиналып ас ішетін ынтымақ пен бірліктің мерекесі. Бұл дәстүр Оңтүстік өңірінде жақсы сақталған. Сол дәстүрге сай әріптесіміз Ақзер жыл сайын наурыз мерекесінде көже қайнатуды әдетке айналдырған. Айтуынша, ерте замандарда наурыз көжеге құртты езіп, малта қосқан. Бұл көженің міндетті қоспасының бірі. Әріптесіміз Ақзер өзінің көжені қалай жасағаны туралы құпиясымен бөлісті.

– Наурыз көже қазақтың киелі саны яғни 7 түрлі дәннен дайындалынады. Бірінші ол әрине табиғаттың қайнар көзі су, екінші орында қазақтың дастарханын етсіз елестету мүмкін емес. Сол үшін ұзынсарыға сақталған сүрленген етті, одан бөлек арпа мен тарыны, күрішті де қостым. Келесі, ақ мол болсын деген ниетпенен айран қостым. Ал дәмін ерекше етсін деп құртты езіп оны да наурыз көжемізге қостым. Ал тұз 7-ші дәм ретінде қолданылады, – деп түсіндірді ол.

Әр қазақтың дастарханынан кездесетін наурыз көженің арнайы рецептісі жоқ. Әркім қолда бар азық-түлікті қосып, әзірлейді. Ақзердің көжесіндей биылғы Наурыз мерекесі де берекелі молшылыққа толы болғай.
Жансая Сыдықбай
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер