KZTO 840,99 (+0,93%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 840,99 (+0,93%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Талғат Құрманбаев жұмыс сапарымен «Ақтау» БМАС пен Ақтау теңіз портына барды

 20.03.2024    1622
«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы) Талғат Құрманбаев жұмыс сапарымен «ҚазТрансОйл» АҚ Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының «Ақтау» бас мұнай айдау станциясында болды. Маңғыстау облысына сапары аясында Талғат Құрманбаев Ақтау портының ағымдағы қызметімен танысып, жүк тасымалының ұлғаюына байланысты теңіз логистикалық хабының қызмет көрсету жағдайын зерделеді.

2024 жылдың қаңтар және ақпан айларында Ақтау портынан экспортқа қазақстандық мұнайды тасымалдау көлемі 563 мың тоннаны құрады, оның ішінде «Баку-Тбилиси-Джейхан» мұнай құбыры бағыты бойынша 232 мың тонна мұнай жөнелтілді.

2023 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ нысандарын пайдалана отырып, Ақтау портында танкерлерге мұнайды тиеу 3 млн 376 мың тоннаны құрады, оның ішінде «Баку-Тбилиси-Джейхан» мұнай құбыры бағыты бойынша 1 млн 057 мың тонна шикізат жөнелтілді.

Еске салайық, 2024 жылғы 11 наурызда Баку қаласында (Әзербайжан) «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Әзербайжан Республикасының SOCAR мемлекеттік мұнай компаниясы Қазақстан мұнайын Әзербайжан Республикасының аумағы арқылы тасымалдау көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту туралы келісімді және Қазақстан мұнайын сатып алу-сату бойынша стратегиялық ынтымақтастық орнату туралы меморандумды қабылдады. Бұл Келісім Ақтау портынан – «Баку-Тбилиси-Джейхан» мұнай құбыры бағыты бойынша қазақстандық мұнайды тасымалдау көлемін жылына 2,2 млн тоннаға дейін арттыруды көздейді.

2022 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Әзербайжан Республикасының SOCAR мемлекеттік мұнай компаниясы Ақтау портынан – «Баку – Тбилиси – Джейхан» бағыты бойынша жылдық көлемі 1,5 миллион тоннаға дейін мұнай транзитіне қатысты келісім жасасты.
 
Реакция:
Серiктестер