KZTO 840,99 (+0,93%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 840,99 (+0,93%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«ҚазТрансОйл» АҚ Атырау мұнай құбыры басқармасының жас мамандары 2023 жылдың қорытындысын шығарды

 28.03.2024    1562
Атырау мұнай құбыры басқармасы құрамындағы өндірістегі жұмысшы-техникалық кадрлардың басым бөлігін жастар құрайды. Жас мамандар басқармадағы ортақ іс-шаралардың басы-қасында жүргендіктен, зор сенім артылады. Сенім бар да оны орындау бар. Жуырда өткен Атырау мұнай құбыры басқармасы жас мамандар Кеңесінің есептік жиналысына басқарма бастығы Марлен Төлегенов арнайы қатысты. 
 
Жиналыста жас мамандар Кеңесінің төрағасы, өлшеу құралдарын дәлдеу және метрологиялық қамтамасыз ету учаскесінің инженері Аманжол Досмұхамбетов өткен 2023 жылы атқарылған жұмыстарынан есеп берді. таныстырылды. Жас мамандар Кеңесінің төрағасы былтыр қабылданған 4 бағыт бойынша:
  • командалық жұмысты нығайту;
  • бағдарламалар мен жобалар;
  • еңбек қауіпсіздігін жақсарту;
  • мәдениет және спорт бағыттары бойынша жетістіктерге тоқталды. 
 
Арнайы дайындалған слайд пен бейнероликтерде әр бағытың нәтижесі нақты көрсетілді. Жастарды командаға ұйыту үшін жазғы тимбилдинг ұйымдастырылып, сөз сөйлеу шеберлігі бойынша мастер-кластар өткізілген. «Қорғау» картасының мәні және «ҚазТрансОйл» АҚ өмірлік маңызды ережелері жас мамандардың өндірістегі басты ұстанатын қағидасына айналған. Сонымен қатар жастар компаниядағы өндірістік, экологиялық бағыттағы бағдарламалар мен жобаларға белсенді қатысып келеді. Спорттық сайыстарда да жетістіктері бар. Жиналыста жетістіктермен қатар жас мамандар Кеңесі жұмысын жетілдіру бағыттары атап өтілді.
Жиналысқа қатысқан басқарма бастығы Марлен Төлегенов жас мамандар бастамаларын басшылық толық қолдайтынын атап өтті. Ол жас маманнан бастап өзінің жұмыс жолы туралы айтып, жастарға өз тәжірибесімен, кеңестерімен бөлісті. Басшылық жастардың бұқаралық спортпен шұғылдануы үшін және мәдени шараларға қатысуына байланысты дайындық жұмыстарын жүргізуге барынша жағдай жасайтынын жеткізді. Сонымен қатар, жас мамандарға басқарманың бастауыш кәсіподақ ұйымы да қолдау көрсетпек.
 
Жиналыс қорытындысымен қабылданған міндеттер бойынша алдағы жұмыстарды жүзеге асыру үшін жауапты тұлғаларға тапсырмалар жүктелді.   
 
 
 
 
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер