Алтай Кенжебаев осыдан 22 жыл бұрын еңбек жолын қазан айында «Шымкент» бас мұнай айдау станциясына 3-сыныпты жүргізуші болып бастаған. 2012 жылы технологиялық көлік және арнайы техника цехында арнайы автомобиль жүргізушісі (ж/к 10 т дейін) болып ауысады. 2015 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін арнайы және мамандандырылған автомобиль жүргізушісі (ж/к 10 т дейін) болып еңбек етті.
Мұнай құбырлары саласында көлік қозғалысының апатсыз әрі уақтылы тасымалына өзінің үлесін қосты. Зейнеткерді ШМҚБ басшылығы мен цех ұжымы аса қимастықпен құрметті демалысқа шығарып салып, жүрекжарды тілектерін арнады.