«ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай, Наурызнама аясында ерекше байқау ұйымдастырылды. Бұл байқау компания қызметкерлері арасында ұлттық киімдерді, ұлттық спорт түрлерін және отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған.
Байқауға орталық аппарат және еншілес тәуелді ұйымдардың қызметкерлері белсене атсалысты. «Ұлттық киім күні» аясында «Ұлттық киімдегі ең үздік әйел образы» мен «Ұлттық киімдегі ең үздік ер-азамат образы» номинациялары бойынша қатысушылар өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар, «Шаңырақ күні» және «Ұлттық спорт күні» аясында «Ұлттық спортты дәріптеген ең үздік отбасы» номинациясы бойынша отбасылар өзара сайысқа түсті.
Байқау шарттарына сәйкес әр қатысушы ұлттық киім мен ұлттық спортты дәріптеу мақсатында бір минуттық қызықты Reels түсіріп, қазылар алқасы шешімімен әр номинацияда үздіктер таңдалды. Ары қарай, KazTransOil Telegram арнасында дауыс беру арқылы жеңімпаздар анықталды.
Байқау қорытындысы бойынша келесі қызметкерлер жеңімпаз атанды:
Ұлттық киімдегі ең үздік әйел образы – Аяулы Сұлтанқызы, «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс операторлық қызметтер көрсету басқармасының №11 МАС қоймашысы.
Ұлттық киімдегі ең үздік ер-азамат образы – Арман Қасымбек, «ҚазТрансОйл» АҚ Шымкент мұнай құбыры басқармасы өндірістік қызмет көрсету базасының жүк тасымалдаушысы.
Ұлттық спортты дәріптеген ең үздік отбасы – Битекеновтер отбасы, Ғалымжан Битекенов, «Магистральдық суағызғы» ЖШС өндірістік қауіпсіздік және еңбек қорғау департаментінің бас менеджері.
Жеңімпаздарға ұлттық нақыштағы сыйлықтар мен алғыс хаттар тарту етіледі. Бұл байқау қызметкерлер арасында ұлттық дәстүрлер мен құндылықтарды дәріптеуге зор үлес қосты, әрі ұжымның рухын көтерді.