KZTO 806,60 (+0,12)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 806,60 (+0,12)

Қазақстанның Грузиядағы Елшісі Аджарияға жұмыс сапары аясында Батум мұнай терминалы мен портының тиімді жұмысын атап өтті

 19.06.2025    21
Қазақстанның Грузиядағы Елшісі Мәлік Мырзалин Автономиялық Республика Аджарияға жасаған жұмыс сапары барысында «ҚазТрансОйл» АҚ-на тиесілі Батум мұнай терминалы мен Батум теңіз портының тиімді операциялық қызметін жоғары бағалады.
 
Сапар аясында Елші Аджарияның жаңадан тағайындалған Үкімет Төрағасы Сулхан Тамазашвилимен кездесті. Тараптар логистика, туризм, құрылыс және ауыл шаруашылығы салаларында Аджария мен Қазақстан өңірлері арасындағы ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ іскерлік байланыстарды кеңейту мәселелерін талқылады.
 
Кездесу барысында Транскаспий халықаралық көлік дәлізә аясында жүк тасымалын дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды. Осы тұрғыда Батум мұнай терминалы мен теңіз портының тиімді жұмысы атап өтілді.
 
Аджария Үкіметінің Төрағасы Елшіге өңірдің туристік және инвестициялық әлеуетін таныстырып, ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделілік білдірді.
 
Қазақстан Елшісі Аджария Үкіметіне қазақстандық инвесторлар мен кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай жасағаны үшін алғысын білдірді.
 
Кездесуге сондай-ақ Аджарияның Қаржы және экономика министрі Джаба Путкарадзе, Үкімет әкімшілігінің басшысы Георгий Цинцадзе және Батум теңіз портының бас директоры Ұлан Тілеуғали қатысты.

Реакция:
Серiктестер