Мұнай-газ кешені қызметкерлері күніне орай «ҚазТрансОйл» АҚ зерттеулер және әзірлемелер орталығы» филиалында салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Филиал директоры Сәбит Арынов ұжымды кәсіби мерекелерімен құттықтап, бірқатар қызметкерлерге «ҚазТрансОйл» АҚ атынан алғыс хаттар мен Құрмет грамоталарын табыстады.
Сәбит Арынов марапат иелерінің еңбегін жоғары бағалап, ізгі тілектерін жеткізді: «Біздің орталығымыздың жұмысы «ҚазТрансОйл» АҚ қызметінің маңызды және жауапты бөлігі болып табылады. Дәл осы жерде бүкіл компанияның тұрақты дамуын қамтамасыз ететін жаңа идеялар, жобалар мен шешімдер пайда болады. Біздің ұжымның еңбегі – Қазақстанның мұнай тасымалдау саласының болашағына қосқан үлес. Сіздердің еңбектеріңіз әрқашан лайықты құрметке ие болсын және әрбір жаңа жоба табысқа жетудің тағы бір сатысына айналсын».