Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні және Қазақстан Республикасының құбыржол көлігінің 90 жылдығы қарсаңында «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс операторлық қызметтер көрсету басқармасында ұжымның салтанатты жиналысы өтті.
Басқарма бастығы Сергей Ковальчук құттықтау сөз сөйлеп, «ҚазТрансОйл» АҚ басшылығының атынан және өз атынан Батыс операторлық қызметтер басқармасының қызметкерлерін мерекемен шын жүректен құттықтады.
Салтанат барысында қызметкерлерге Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» АҚ және «ҚазТрансОйл» АҚ атынан «Құрмет грамоталары» мен «Алғыс хаттары» табыс етілді.
Белсенді жұмыскерлер «ҚазТрансОйл» АҚ кәсіподақ ұйымының және «AMANAT» партиясының алғыс хаттарымен марапатталды.
Барлық қызметкерлерге адал еңбегі, жоғары кәсібилігі, мұнай құбыр саласын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтылды.