KZTO 819,00 (+0,24)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 819,00 (+0,24)

«Мұнай тасымалдауды басқару орталығы» филиалының қызметкерлері кәсіби мерекеге орай марапатталды

 08.09.2025    17

Мұнай-газ кешені қызметкерлері күні қарсаңында «ҚазТрансОйл» АҚ мұнай тасымалдауды басқару орталығы» филиалы үздік жетістіктерге жеткен қызметкерлерді марапаттады.

Компания қызметкерлеріне «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ төсбелгісі, «Самұрық-Қазына» АҚ Құрмет грамотасы және «ҚазТрансОйл» АҚ атынан алғыс хаттар табыс етілді.

Бас директордың тасымалдау жөніндегі орынбасары Абай Бейсембаев қызметкерлерді құттықтап, олардың еңбегінің мұнайды сенімді тасымалдау мен елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап өтті.

Барлық әріптестерді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз және оларға алдағы уақытта жаңа кәсіби жетістіктер, табыстар мен амандық тілейміз!

Реакция:
Серiктестер