KZTO 846,98 (-0,36)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 846,98 (-0,36)

«Ақ бидайда» қола жүлде иеленді

 23.09.2025    63

Компанияның волейболдан қыздар құрама командасының мүшесі,  Павлодар МҚБ өндірістік қызмет көрсету базасының сылақшысы Аружан Қадыр жақында Алматыда өткен республикалық дәстүрлі «Ақ бидай-2025» ауыл спорты ойындарының волейбол бәсекесінде үшінші орынға ие болды.  Биыл сегізінші рет жалауын көтерген додада ол Павлодар облысы командасының құрамында өнер көрсетіп, аймақ намысын қорғады. 

– «Ақ бидай» жарысына алғаш рет қатыстым. Облыстың құрама командасы сапында жүлделі орынға ие болғанымыз үшін қуаныштымын. Барлық командалар әуесқой әуедопшылардан құралғанын да атап өту керек. Әрине, республикалық жарыс болған соң командалардың осалы болған жоқ, барлығы жасақталып, үлкен дайындықтан өткен. Алдағы күндері де жаттығуларымызды жалғастыра беретін боламыз, - дейді әріптесіміз.»

«ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлердің салауатты өмір салтына және спортпен шұғылдануына көп көңіл бөледі, компания объектілерінде қызметкерлердің бос уақытында шұғылдануына арналған көптеген спорт алаңдары мен тренажер залдары жұмыс істейді.


Реакция:
Серiктестер