KZTO 846,98 (-0,36)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 846,98 (-0,36)

Мыңнан астам көшет отырғызылды

 27.09.2025    27

Павлодар мұнай құбыры басқармасы өндірістік нысандары аймағын санитарлық-қорғаныш аймағын көгалдандыру бойынша жұмыстар шеңберінде «Екібастұз» мұнай айдау станциясында көшеттер егу жұмыстары жүргізілуде.

Бұл үшін аумағы 2 гектарды құрайтын арнайы алаң таңдалды. Мұнайқұбыршылар мердігерлік ұйым өкілдерімен бірге қазіргі күні бір мыңнан астам көшет екті. Олардың арасында күлгін жапырақты үйеңкі, орман алма ағашы, алтын қарақат, сары акация бар.

2025-2027 жылдарға арналған санитарлық-қорғаныш аймағын көгалдандыру жоспары бойынша аталмыш аумақта 2800 көшет отырғызылады деп күтілуде.




Реакция:
Серiктестер