KZTO 846,98 (-0,36)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 846,98 (-0,36)

5 гектар аумақ жиналды

 27.09.2025    31

Маңғыстау мұнай құбыр басқармасының қызметкерлері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Дүниежүзілік тазалық күніне – World Clean Up Day арналған сенбілікке қатысты. Сенбілік Ақтау қаласының жағалауында өтті.

Маңғыстау мұнай құбыр басқармасының қызметкерлері белсене атсалысатын World Clean Up Day экологиялық акциясы жыл сайын өткізіледі. Аталған сенбілікке  аппарат басқармасы, Бейнеу ЖӨДС және жас мамандар - барлығы 150 адам қатысып, 150 қап қалдық жиналды, 5 гектар аумақ тазартылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қаладағы экологиялық жағдайды жақсарту ғана емес, сонымен қатар тазалықты сақтауға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру, экологиялық сананы дамыту, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелеу, сондай-ақ табиғатты қорғауға өз үлесін қосуға мүмкіндік беру.





Реакция:
Серiктестер