KZTO 846,98 (-0,36)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 846,98 (-0,36)

Жұмысшыларға қамқорлықпен жасалған жайлы орта

 25.09.2025    55

2025 жылдың мамыр-қыркүйек айлары аралығында «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс операторлық қызметтер көрсету басқармасының нысандарында 42 пәтерлі тұрғын үйге, 32 орындық жатақханаға, 48 орындық асханаға, орталық қойма мен автокөліктерге арналған модульдік боксқа ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Жөндеу жұмыстары барысында ғимараттардың қасбеті мен кіреберістері жаңартылып, есіктері, су ағар жүйесі мен іргетас маңындағы жабынды жөнделді. Асханада терезелер ауыстырылып, ішкі орын-жайлар жаңартылды, қойма мен модульдік боксқа жаңа қақпалар орнатылды.

Іссапар барысында «ҚазТрансОйл» АҚ-ның әлеуметтік-еңбек қатынастары және жалпы мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Ғазиз Қошанов және операторлық қызметтер көрсету департаментінің директоры Нұрлыбай Беков нысандарды аралап көріп, ұжыммен кездесіп, қызметкерлердің сұрақтарына жауап берді.












Реакция:
Серiктестер