KZTO 839,30 (-0,08%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 839,30 (-0,08%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Жас мамандардың қайырымдылық акциясы

 18.05.2022    799
Атырау мұнай құбыры басқармасының жас мамандар кеңесі мамырдағы мейрам күндері облыстық отбасылық типтегі балалар ауылы мен жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілеріне қайырымдылық акция жасады.

Жастар өздері қаржы жинап, 45 тәрбиеленушіге отандық фильмді көруге билет алып берді. Атырау МҚБ жас мамандар Кеңесінің төрайымы Алтынай Нұғманованың айтуынша, қайырымдылық акциясының мақсаты балаларға патриотизм, ерлік пен өміргі құлшыныс туралы отандық фильмді көрсетіп, тәрбиелік мәні зор әсер қылдыру.


Жалпы басқарманың жастары жергілікті жердегі сәбилер мен балалар үйін қамқорлыққа алған. Олар өз күштерімен тәрбиеленушілер тұратын ғимарат ауласын көгалдандыру, балаларға қажетті жиһаздар алып беруге көмектесіп келеді.       
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер