KZTO 842,00 (+0,32%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 842,00 (+0,32%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Батуми теңіз порты 6 мың тоннадан астам қазақстандық аммиак селитрасын ауыстырып тиеді

 26.04.2024    725
2024 жылдың 1 тоқсанында «Батуми теңіз порты» ЖШС 6 012 тонна қазақстандық аммиак селитрасын тиеп жөнелтті.

Жүк Ақтау портынан Ховсан портына (Әзірбайжан) қарай жөнелтілді, әрі қарай әлемдік нарықтарға экспорттау үшін Батуми теңіз портында (Грузия) ауыстырып қайта тиелді.

2024 жылдың наурыз айында «Батуми теңіз порты» ЖШС алғаш рет қазақстандық аммиак селитрасын бір кеме жөнелтімі көлемінде – 3 мың тонна жіберген болатын. Минералды тыңайтқышты жөнелтуші – «ҚазАзот» АҚ.

2024 жылдың соңына дейін өндіруші Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша Батуми портына 50 мың тоннадан астам көлемде аммиак селитрасын жөнелтуді қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

Жалпы алғанда, 2024 жылдың 1 тоқсанында «Батуми теңіз порты» ЖШҚ-ның құрғақ жүк терминалында 435 мың тонна жүк ауыстырып тиелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4%-ға көп.

«ҚазТрансОйл» АҚ «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ арқылы Грузиядағы өндірістік активтерге тікелей иелік етеді және басқарады. «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ компаниясы «Батуми теңіз порты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 100% үлесін басқаруға айрықша құқықтарға ие.
 
 
Реакция:
Серiктестер