KZTO 842,00 (+0,32%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 842,00 (+0,32%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Маңғыстау МҚБ бастығының қатысуымен тікелей эфир өтті

 20.05.2022    634
«ҚазТрансОйл» АҚ корпоративті телеарнасы компания басшылығы мен оның құрылымдық бөлімшелерінің баяндамаларының тікелей эфирдегі шығарылымын жалғастырады. 19 мамырда Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының бастығы Асқар Жолдасов тікелей эфирде сөз сөйледі. Ол 2021 жылғы ММҚБ қызметінің нәтижелері туралы айтып берді. Трансляция «ҚазТрансОйл» АҚ-ның YouTube-тегі ресми арнасында көрсетілді.  Сондай-ақ, тікелей эфир кезінде компания қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарын жолдады.


- Мұнай тасымалдаудың жалпы көлемі 16 миллион 743 мың тоннаны құрады, жоспардың орындалуы 2021 жылдың қорытындысы бойынша 98% - ды құрады. Маңғыстау мұнай құбыры басқармасы бойынша 2021 жылы барлығы 414 ақау жөнделді. Өткен жылы рұқсат етілмеген бөліктер тіркелген жоқ, - деді Асқар Жолдасов.
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер