KZTO 838,01 (-0,59%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 838,01 (-0,59%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Павлодар МҚБ қызметкерлері компанияның мерейтойына арнап ұзындығы 25 км болатын жартылай марафонды жүгірді

 04.08.2022    490
Павлодар мұнай құбыры басқармасының мамандары байланыс жөніндегі инженер Станислав Кипко мен диагностика жөніндегі жетекші инженер Әділет Маханов мұнайқұбыршыларды компанияның мерейтойымен ерекше құттықтауды шешкен. Олар Павлодар қаласының картасына 25 санын сызып, 25 шақырымдық қашықтықты белгілеген. Осы траектория  бойынша таңғы салқын ауамен жүгіріп өткен.


-Бұл идея кездейсоқ келді және оны жас мамандарға айттым. Олар мені қолдады. Әрине 25 шақырым бұл үлкен қашықтық, әрбір адам жүгіріп өте алмайды. Нәтижесінде Әділет екеуіміз жүгіріп өтуге бел будық. Жүгірісті көшелерде көліктер аз болатын уақыт таңғы алтыда бастадық, - дейді Станислав Кипко.

-Мен мұндай қашыққа көптен бері жүгірген жоқпын. Моральдық тұрғыдан дайындалдым. Бұл жүгірісті мини-марафон деп атауға болатын шығар, - деп атап өтті Әділет Маханов.

Павлодарлық мұнайқұбыршылар бұл ерекше құттықтау эстафетасын басқа барлық әріптестеріне жолдайды. Бұл тек қана құттықтау емес, сол секілді салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер