KZTO 833,20 (-0,44%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 833,20 (-0,44%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Компанияда ширек ғасыр еңбек еткен Ғалымжан Мұхатов

 07.11.2022    243
Шымкент мұнай құбыры басқармасы «Жуантөбе» мұнай айдау станциясының механигі Ғалымжан Мұхатовтың еңбек өтілі «ҚазТрансОйл» АҚ 25 жылдық мерейтойымен сәйкес келіп отыр.

1997 жылы «Жуантөбе» мұнай айдау станциясына  электр жабдықтарын жөндеуші және қызмет көрсетуші электромонтер болып жұмысқа тұрған Ғалымжан Мұхатов, осы жылы «Жуантөбе» мұнай айдау станциясы құрылысының алғашқы іске қосылу жұмысына қатысады. Ал,  2003 жылы  магистральдық сорғыларды монтаждау және қосу жұмыстарына белсенді араласады. 25 жыл ішінде ол станцияның электр жабдықтарын жөндеу жұмысын мінсіз атқарып, осы еңбегі үшін 2019 жылы «Қазақстан мұнайына 120 жыл мерекелік медалімен» марапатталған.  Ширек ғасыр компанияда жұмыс жасаған Ғалымжан Мұхатов өзін ҚазТрансОйлда қызмет ететінін мақтан тұтады.
 
Механик Ғ. Мұхатов жасы 54-ке келсе де екінші мамандық алуды ұйғарып, 2021 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің  Механика және мұнай-газ ісі «Мұнай және газ өнеркәсібінің машиналары мен жабдықтары» мамандығына оқуға түсті.

Қазіргі таңда бес ұлдың әкесі туған жердің экономикасын көтеруге үлес қосу және қанша жасқа келсе де білім алу кеш емес деп есептейді. Әріптесіміз Ғалымжан Махмұтұлы әріптестер арасында сый-құрметке ие, бос уақытында қазақтың танымал күйлерін жатқа тартады.


«Ғалымжан ағамен 15 жылдан бері бірге жұмыс істеп келе жатырмыз. Осы аралықта менің көптеген ойлап тапқан өнеріме қолдау көрсетіп әрқашанда көмектесіп келе жатыр. Ол өз ісінің маманы, әрқашанда жұмысшыларға да, өз ортасында да беделді. Осындай жұмыста да, өмірде де өнерлі ағамның барын мақтаныш етемін», - дейді Жуантөбе» МАС электр дәнекерлеушісі Бағдат Лақбаев.
 
Жансая Сыдықбай, Шымкент МҚБ
 
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер